«Петропавл кәсіптік колледжі» КММ техникалық және кәсіптік білім жүйесінде 1973 жылғы 1 наурызда негізге алынды. Бастапқыда ол №172 ҚКТУ деп аталынып, 1984 жылы №023 КТУ деп өзгертілді, 1997 жылдан №023 КТМ деп алынды, ал 2007 жылғы қаңтарда №17 КМ деп аталынып, 2008 жылғы қаңтарда №17 кәсіптік лицей, 2012 жылы Петропавл кәсіптік колледжі аталынды. Кәсіптік колледж түзету колониясында жазасын өтеп жатқан бас бостандығын айыруға сотталғандар ішінен мамандарды дайындайды. Кәсіптік колледж мақсаттарының бірі – босатылып шыққаннан кейін түлектердің жұмысқа орналасуын жеңілдету және қамтамасыздандыру болып табылады.

      Осы жыл аралығында 6000 астам елімізде шаруашылыққа қажетті әртүрлі маман колледж қабырғасынан оқып шықты. Олардың арасынан мынадай әртүрлі мамандарды кездестіруге болады: радиоаппарат жинақтау слесарьлары, механика жинақтау жұмысының слесарьлары, тас қалаушылар, тігіншілер, пластмасс құюшылар, автомобиль жөндеуші слесарьлар, сылақшылар, плита қаптаушылар.

     Кәсіптік колледждің оқу базасы келешек мамандарды сапалы дайындауға мүмкіндік береді. Ұжымда 16 инженерлік-педагогикалық қызметкерлер жұмыс істейді. Барлық оқытушылардың кәсіптік білім жүйесінде өтілі мен жұмыс тәжірибесі үлкен.