Фотосуретті
ұлғайту үшін, тінтуірдің сол жағын басыңыз.
Көрме
атты қолданбалы өнер сайысы
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін мерекелеу қарсаңында
Петропавл кәсіптік колледжінде қолданбалы өнерден көрмелі байқау
өтті. Көрмелі байқауды өткізу білім алушылардың көркемдік,
шығармашылық қабілеттерін, білім алушы-сотталғандардың табиғаттың
әсемдігін, өнерді, әдебиетті, қоршаған ортаны жағымды қабылдау мен
жақсы қатынаста болуын дамыту үшін жағдай жасайды. Колледжде білім
алушылар аталған шараға белсенді қатысты. оқшауда отырған әйелдер өз
қолдарымен еңбектеніп, өз шығармашылық потенциалдарын шыңдайды.
Ұсынылған бұйымдар әртүрлі болды: қояндардың отбасы, ойыншықтар,
матадан және бисерден жасалған гүл шоқтары, ағаш шыбығынан жасалған
кәрзеңкелер мен шаналар, суреттер және т.б. қатысушылардың
жұмыстарын құзыретті әділ-қазылар бағалады, олардың құрамына СҚО
бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің және Петропавл
кәсіптік колледжінің қызметкерлері кірді. Әділ-қазылар құрамы
қолданбалы өнер байқауына қатысқан барлық қатысушыларды дипломдармен
марапаттады.
|
|
«2017 мекеменің күз Миссі»
«2017
мекеменің күз Миссі» сайыстық бағдарламасы «ЕС -164/6 мекемесінде»
өтті. Әдетте «Мисс» атауы сайысына жас қыздар қатысатын, осы
жылы 40-тан асқан әйелдер сайысқа қатысуға бел буды. 40 пен 52
жас аралығында 7 қатысушы «Күз Миссі» атауына сайысқа түсті,
оның үшеуі Петропавл кәсіптік колледжінде оқып жатыр. Әр сайыскер
өзін жеке таныстырып, әдемі киген киімдерін көрсетті, көпшілігі ол
киімдерді өздері тіккен. Өздері шығарған өлеңдерін оқып, би билеп,
ән айтты, әрі сайыскерлер өздері жасаған бұйымдарын ұсынды. Сайыс
алты бөлімнен тұрды, онда киген киімдері, жеке өзін таныстыруы, ән
айтуы, өлең жолдарын мәнерлеп оқуы, би билеуі мен жасаған бұйымдары
бағаланды. Біліктілігі «Плита қаптаушы» №01 топ оқушысы
Мұхамбетова Татьян Балтабайқызы сайыскерлердің ең үлкені болса
да (52 жаста), оның жеңіске жетуіне кедергі болған жоқ. Ол курстасы
Күзембаева Арайлыммен бірге әсем дауыспен әнді айтқанда, әрі бұралып
билегенде қазылар алқасын өзіне қарата алып, осы сайыста бірінші
орынға ие болды. Екінші орынды №02 топ
оқушысы Митус Наталья Федоровна алды.
Үшінші орынды сәл төмен баллмен №01 топ
оқушысы
Кудиярова Айгүл
Серікқызы
ие болды. Жалпылап айтсақ, үш жүлделі орынды да Петропавл кәсіптік
колледжі оқушылар ие болып, грамотамен марапатталды.
Мерекелік шара қазылар алқасы мен «ЕС-164/6 мекемесі» көрермен
қонақтарына керемет әсер берді, барлығы қатысушыларды құттықтап,
жақсы тілектер айтты.
|
|
«Облыстық балалар және жасөспірімділер
шығармашылық орталығы»
2017 жылдың 8 қарашасында «Облыстық балалар және жасөспірімділер
шығармашылық орталығы» КМҚК ғылым және техника саласында облыстық
ғылыми-техникалық форум өтті. Форум 9 номинациядан болды, онда
облыс және қала қолледждері қатысты. «Құрылыс саласындағы жоба»
номинациясына Петропавл кәсіптік колледжінің оқушысы Костенко
Александр қатысты. Ол үй іргесіндегі телімімен қоса құдықты,
отырғызылған бақшасымен, шабылған отынымен, дуалымен саяжай үйінің
макетін жасап шығарды. Макетті дайындау жұмысы «Құрылыс шебері»
біліктілігі бойынша өндірістік оқыту шебері Д.Т. Әлбатыровтың
жетекшілігімен өтті. Осы номинация бойынша колледждердің
барлық қатысушылары арасынан Костенко А. екінші орынға ие
болды. Ол екінші дәрежелі дипломмен және құнды сыйлықпен
марапатталды
|
Қазақстан Республикасы – жүзден аса
әртүрлі халықтар тұратын көп ұлтты мемлекет.
Біздің мемлекетіміздің саясаты Қазақстан халықтарының теңдігін
нығайтуға бағытталған.
Ұлы Абай айтқандай: «Басқа ұлттың мәдениеті мен тілін білген адам
өзін еркін сезінеді, сол ұлтпен теңестіріледі...»
Біздің колледжде жыл сайын «Тілдер күні» мерекесі өткізіледі.
Қазақстан халықтарының тілдер күні апталығында оқытушылар мен
өндірістік оқыту шеберлері ашық сабақтар және сыныптан тыс
іс-шаралар өткізді.
Қазақстан тілдер саясатын орындау мақсатында №03 пен №04 оқу
топтарының оқушылары арасында үш тілден ойын викторина өтті (кәсіби
ағылшын тілі оқытушысы Д.У. Шахатов). №01 оқу тобында кәсіби қазақ
тілі оқытушысы Д.Н. Абдықадырова «Тіл – халықтың жаны»
викторина-сабағын өткізді.
Сынып жетекшілері және өндірістік оқыту шеберлерімен біріңғай «Тіл –
бірліктің белгісі» атты сынып сағаттары өткізілді, оның мақсаты
оқушыларды мемлекеттік тілді меңгеруге баулу.
«Туған тіл – халық байлығы» атты көрме ұйымдастырылды. Кітап
көрмесінің мақсаты – оқушыларға Қазақстан халықтарының тілдер туралы
білімін кеңейту, халықтар достығына сыйластықты тәрбиелеу.
ОӨЖ директор орынбасары
Д.Н. Абдықадырова |
|
Жүгіріске қатысты
2017 жылы 17 тамызда Қазақстан Республикасының Спорт күнінен
арналған Денсаулық күнінде жаппай жүгіріс өтті. Мәре Ағынтай мен
Қарасай батырлар алаңынан сағат 16.00-де басталды. Біздің ұжым да
жүгіріске белсене қатысты. Оқытушыларымыз «Денсаулық қашықтығын»
жүгіріп өтіп, өздерінің спорттық дағдыларын көрсете білді және
қатысқанынан рахат алды. Сөреде жүгіріске қатысушыларды көрермендер
мен жанкүйерлер қол шапалақтап қарсы алды. Осы жүгірісті
ұйымдастырушылар жеңімпазды анықтау мақсатын қуған жоқ, сондықтан
барлық жүгіріске қатысушылар жеңімпаз атанып, сертификатпен
марапатталды.
|
|
|
|
|
152
сотталғандар
Петропавл кәсіптік колледжінің
дипломын
алды.
Бас
бостандығынан айрылған жерлерде еңбек орнымен қамтамасыз ету
үнемі өзекті болып қала береді. Сотталғандарды жұмыспен
қамтамасыздандыру үшін, оған мамандыққа ие болу керек. Осы
мақсатты шешу барысында 2016-2017 оқу жылында Петропавл кәсіптік колледжін
оқып, аттестаттау емтиханын тапсырған сотталғандардың 152 диплом
алды. Түлектер оқуда жеткен жетістіктері мен мамандықты
игергені үшін кәсіптік колледж әкімшілігінен мадақтау қағазына
ие болды.
Петропавл кәсіптік колледжі плита қаптаушы, тас қалаушы, электргаз
дәнекелеуші, сылақшы, тігінші және құрылыс ұстасы біліктілігін шығарады. Бас
бостандығынан айырған жерде әркім білім ала алады. Талап еткен мамандықтың
болуы – бұл өте маңызды, бұл жұмысқа орналасуға мүмкіндік.
Елбасы Н.Ә.
Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы
Қазақстан
халқына Жолдауы бойынша
пікір
Мемлекет Президентінің жыл сайынғы
Қазақстан халқына Жолдауы – республиканың кез келген тұрғыны үшін маңызды
оқиға. Әрқайсысымыз бұдан өзіміз үшін басты бағытты табамыз. Басты тақырып
Қазақстанның үшінші жаңғыруын іске асыруды қамтамасыз ету болып табылады,
мұнда мемлекетті дамытудың негізгі басымдықтары көрсетілген.
Негізгі басымдықтардың бірі – бұл мемлекетіміздің болашағы жастарды қолдау,
оларға білім алуға жағдай жасау. Осы жылдан бастап Елбасының бастамасымен
«Барлығы үшін тегін техникалық және кәсіптік білім беру» жобасын іске
асыру басталады. Енді Қазақстан Республикасының әр жас азаматының бастапты
техникалық кәсіптік білімді тегін алуына мүмкіндік бар. Бұл жұмыс
кәсіптерінің беделін артырып, сапалы кадрлардың, соның ішінде біздің өңір
үшін маңызы бар ауылшаруашылық саласы кадрларының санын ұлғайтуға жол
ашады.
Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы болашақта Қазақстанды дамытуға аса рөл атқарады
деп санаймын және мемлекет осы жолдауды басшылыққа алса, Стратегия-2050 іске
асыруда үлкен жетістіктерге жететініне сенемін.
Считаю,
что Послание Президента Н.Назарбаева играет важную роль в будущем развитии
Казахстана и верю, что страна, руководствуясь данным посланием, непременно
добьется больших успехов в реализации Стратегии – 2050.
Директордың ОӨЖ
бойынша орынбасары
Абдыкадырова Д.Н.